Сервистік қызмет көрсету нені қамтиды?
GAC сервистік қызмет көрсетуі — автомобильдің техникалық жарамдылығын сақтауға, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірушінің кепілдік міндеттемелерін орындауға бағытталған жұмыстар кешені.
Автомобильге қызмет көрсету GAC ресми дилерлерінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және сервистік құжаттамада көрсетілген техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес жүргізіледі.
Қызмет көрсету құрамына кіреді
- Жоспарлы техникалық қызмет көрсету
- Автомобильдің негізгі жүйелерін тексеру, шығыс материалдарын ауыстыру және пайдалану мерзіміне немесе жүріс қашықтығына сәйкес регламенттік жұмыстарды орындау.
- Автомобильді диагностикалау
- Электрондық жүйелерді, қозғалтқышты, трансмиссияны, тежеу жүйесін, аспаны, рульдік басқаруды және басқа да тораптарды тексеру.
- Кепілдік қолдау
- Өндірістік ақау анықталған жағдайда ресми дилер тексеру жүргізеді және кепілдік жағдайы расталған кезде кепілдік шарттарына сәйкес жөндеу жұмыстарын орындайды.
- Түпнұсқа қосалқы бөлшектер
- Қызмет көрсету және жөндеу кезінде өндіруші ұсынған түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен материалдар пайдаланылады.
Қызмет көрсету тарихын сақтау
Ресми дилерде техникалық қызмет көрсетуден өту автомобильдің қызмет көрсету тарихын тіркеуге және пайдалану регламентінің сақталғанын растауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының аумағында құрастырылған және пайдаланылатын GAC автомобильдерінің негізгі элементтеріне, арнайы көрсетілген жағдайларды қоспағанда, алғашқы иесіне сатылған күннен бастап, яғни
Сатып алушының Автомобильді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күнінен және сервистік (кепілдік) кітапшадағы кепілдік тіркеу талонында тиісті белгі қойылған сәттен бастап кепілдік мерзімі:
Негізгі компоненттер
8 жыл немесе 150 000 км (қайсысы бұрын орын алса):
- Жоғары вольтты тартқыш аккумуляторлық батарея (кепілдік мерзімі ішінде SOH ≥ 70%);
- Электр қозғалтқышы және электр қозғалтқышын басқару жүйесі.
Тозуға жататын бөлшектер
1 жыл немесе 20 000 км (қайсысы бұрын орын алса)
- Төмен вольтты аккумуляторлық батарея.
6 ай немесе 10 000 км (қайсысы бұрын орын алса)
- Ауа сүзгісі
- Май сүзгісі
- Отын сүзгісі
- Салон сүзгісі (кондиционер сүзгісі)
- Қыздыру шамдары
- Оталдыру шамдары
- Сақтандырғыштар
- Тежеу қалыптары
- Ілініс муфтасының фрикциялық төсемдері
- Жетек белдігі
- Әйнек тазалағыш щеткалары